24 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Жұма күні құбылмалы ауа райы сақталады
Бүгін еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан аумағы бойынша атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс және батыста – жауын-шашын, дауыл, тұман, екпінді жел, батыс және оңтүстікте – шаңды дауыл, бұршақ күтіледі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл, тұман, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл, күндіз бұршақ, кей жерлерінде жел 15-23 м/с артады.
Күндіз Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-25 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, Қарағанды облысында тұман болжанады.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұршақ, 15-20 м/с екпінде жел күтіледі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с артады.
Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ, 15-25 м/с жылдамдықта жел тұрады.