Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші мен жолаушы көз жұмды

Azattyq Rýhy

Жеңіл көліктің жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші мен жолаушы көз жұмды
Фото: Атырау облыстық ПД

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, бір жолаушы оқиға орнында мерт болды. Ал жеңіл көліктің жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін, 9 маусымда болған.

«Түнгі сағат 00:30 шамасында Мақат ауданындағы Доссор кентінен Құлсары қаласына қатынайтын жолдың 92-шақырымы тұсында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол үстінде екі көлік соқтығысты. Оның бірі – жүк көлігі. Екіншісі – Nissan Teana жеңіл көлігі. Жол апатының салдарынан бір адам оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, жеңіл көліктің жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.