$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында жоғалған баланың мәйіті өзеннен табылды

Баланы іздеуге 500-ге жуық адам тартылды

Ақтөбе облысында жоғалған баланың мәйіті өзеннен табылды
Фото: Видеодан скрин

Ақтөбе облысында жоғалып кеткен баланың мәйіті табылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, іздестіру іс-шарасының төртінші күні кәмелетке толмаған Жетру Кәрімнің денесі Юрта мейрамханасының маңындағы Елек өзенінен табылды.

«Полиция, еріктілер және бей-жай қарамайтын азаматтар жоғалған адамның орналасқан жерін анықтауға бағытталған іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізді.

Баланы іздеуге 500-ге жуық адам тартылды. Оның ішінде полиция қызметкерлері, ТЖБ қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ қызметтік иттер және 40 техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 жылқы, ұшу аппараттары жұмылдырылды.

Сонымен қатар үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз люктері, шұңқырлар, дала, оның ішінде орман алқаптары тексерілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп, қажетті сараптамалар тағайындады.

Серіктес жаңалықтары