$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Былтыр 200-ге жуық адам қаза болған: Германияда пышақпен шабуылдау әрекеті жиіледі

Мұндай қылмыс жасайтындардың әрбір үшіншісі – 21 жасқа толмаған

Былтыр 200-ге жуық адам қаза болған: Германияда пышақпен шабуылдау әрекеті жиіледі
Фото: istockphoto.com

Германияда пышақпен шабуыл жасайтындар қатары көбейіп барады. Полиция статистикасы бойынша Солтүстік Рейн-Вестфалияның өзінде өткен жылы пышақпен жасалған шабуылдар саны 6 221-ге жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда 50 пайызға өскен. 2022 жылы 4 191 қылмыс жасалған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндай қылмыс жасайтындардың әрбір үшіншісі – 21 жасқа толмаған. Сол сияқты шабуыл жасағандардың 87 пайызы – ер адамдар. Ал қылмыстық әрекетке барғандардың жартысына жуығы (47,4%) Германия азаматы емес.

Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, бір ғана Солтүстік Рейн-Вестфалияда өткен жылы пышақ шабуылынан 198 адам қаза тапқан. Мұндай қылмыстардың құрбаны болған әрбір үшінші адам 21 жасқа толмаған. Қаза тапқандардың 77 пайызы – ер адам, сол сияқты 62 пайызы Германия азаматы емес.

«Кей жерлерде пышақ ұстауға тыйым салу – бұл шарасыздықтың белгісі. Мұндай қылмыскерлер өте дөрекі болып келеді. Әсіресе, араб елдерінде ер адамдардың пышақ ұстауы қалыпты жағдайға айналған. Егер Германияда атыс қаруына қол жеткізу АҚШ-тағыдай оңай болса, қылмыскерлер де пышаққа емес, қаруға жүгінер еді», - дейді криминология профессоры Фридрих Лёсел.

Серіктес жаңалықтары