06.06.2024, 17:56
Жаңалықтар
«Бірде-бір мал тіркелмеген»: Жалпы құны 5 млрд теңге болатын жайылым халыққа қайтарылды
Оқиға Павлодар облысы Аққулы ауданында болған
Фото: gov.kz/
Павлодар облысы Аққулы ауданында құны 5 млрд теңге болатын жайылым жерлері халық игілігіне қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұндай өрескел заң бұзу фактісін жергілікті прокурорлар тапқан. Олар ауыл шаруашылығына арналған 36 мың гектар жердің заңға қайшы пайдаланып жатқанын анықтаған. Егін егетін жерлер жылдар бойы бос тұрып, ал, мал жаюға арналған жерлерде бірде-бір мал тіркелмегені белгілі болған.
«Прокуратураның актісі бойынша бір айдан аз уақыт ішінде кадастрлық құны 5 млрд теңге болатын 4 мың гектардан астам жайылым халыққа қайтарылды», - деп хабарлады бүгін облыс прокуратурасы.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды