06.06.2024, 16:19
Жаңалықтар
Су тасқынынан қырылған мал шығыны 100% өтелді
Республикада 12 450 мал қырылған, барлық өлексе жойылды
Фото: ҚР ТЖМ
Елімізде су тасқыны кезінде қырылған мал шығындары толықтай өтелді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2024 жылғы 7 сәуірде республикалық штабта суға кеткен мал шығындарын өтеудің алгоритмі бекітілген.
Аталған алгоритм мен қағидаттарға шығынды бюджеттен және бюджеттен тыс қаражат есебінен өтеу көзделген.
«Су тасқыны кезінде 140 мыңға жуық мал қауіпсіз жерге көшірілді. Бүгінде жергілікті атқарушы органдардың жедел деректері бойынша республикада 12 450 мал қырылған, барлық өлексе жойылды, залал 100% пайыз өтелді», - дейді ол.
Көп оқылған
12.09.2026, 08:54
Тоқ соқты ма, әлде инсульт па: Атырау облысында медпункт күзетшісі жұмбақ жағдайда көз жұмды
12.09.2026, 20:18
Павлодарда аспаздың қолын қамыр илейтін құрылғы тартып әкетті (ВИДЕО)
12.09.2026, 07:26
Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: бірқатар өңірде жаңбыр жауады
12.09.2026, 06:10
Қазталовтан көлігімен шыққан жолаушы енді Орал қаласына небәрі 5-6 сағатта жете алады