$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кей өңірде тұман болуы ықтимал

Қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

Бүгін еліміздің бірқатар облысында күн бұлттанып, найзағай ойнауы ықтимал. Сондай-ақ кей өңірде тұман күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 05 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Қарағанды облысы

Түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскемен қ.: 05 маусымда түнде найзағай күтіледі.

Атырау облысы

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 05 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Қостанай облысы

 Қостанай облысының түнде батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың батысында, шығысына бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 05 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 05 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысы

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысы

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 05 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысы

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 05 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 05 маусымда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысы

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупы сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

05 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 05 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысы

Түркістан облысының солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 05 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады. Түркістан қ.: 05 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Серіктес жаңалықтары