UFC-тің жаңартылған рейтингі жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов өз орнын сақтап қалды

Фото: ©ufc.com

Ultimate Fighting Championship (UFC) жартылай орта салмақтағы файтерлердің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) өз орнын сақтап қалды. «Номад» үздік үштікті түйіндеп тұр.

Бірінші орында америкалық Камару Усман, екінші орында АҚШ-тың тағы бір өкілі Белал Мухаммад.

Естеріңізге сала кетейік, жартылай орта салмақтағы чемпион ұлыбританиялық Леон Эдвардс.