03.06.2024, 10:13
Жаңалықтар
ҚР Премьер-Министрі хаттамасының басшысы тағайындалды
Ол 2021 жылдан ҚР Президенті хаттамасы қызметінің референті, сарапшысы болған
Фото: primeminister.kz
Расул Тынысбаев ҚР Премьер-Министрі хаттамасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Расул Тынысбаев 1990 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2013 жылы "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің" маманы қызметінен бастады.
Әр жылдары Еуразиялық интеграция департаментінде, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде, ҚР СІМ Мемлекеттік хаттама қызметінің дипломатиялық корпусының үшінші хатшысы болып жұмыс істеді.
2021 жылдан - ҚР Президенті хаттамасы қызметінің референті, сарапшысы.
2024 жылдың мамыр айынан бастап ҚР Премьер-Министрі хаттамасының басшысы болып тағайындалды.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді