$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысының 45 мыңнан астам тұрғыны несиеге шегерім сұрады

Шегерілген несиелердің жалпы сомасы 59 млрд 795 млн теңгені құрады

Атырау облысының 45 мыңнан астам тұрғыны несиеге шегерім сұрады
Фото: Атырау облысы ТЖД

Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің аймақтық өкілдігінде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақжайыққа сілтеме жасап.

Атырау қаласындағы аймақтық өкілдер басқармасының бастығы Асланбек Кабесовтың айтуынша, тасқын кезінде зардап шеккен Атырау облысының 45 739 тұрғынынан банктер мен микроқаржы ұйымдарына несие шегерімін сұрау туралы өтініштер түскен. Шегерілген несиелердің жалпы сомасы 59 млрд 795 млн теңгені құрады.

«Жалпы Қазақстан бойынша несие шегерімін сұрау туралы 67 949 адамнан өтініш түсті, олардың жалпы сомасы 87 млрд 692 млн теңге. Тасқын кезінде зардап шеккендерден өтініштерді қабылдау және өңдеу жалғасуда», - деді Асланбек Кабесов.

Естеріңізге сала кетейік, 7 сәуірде Атырау облысында төтенше жағдай режимі жарияланған болатын, осыған байланысты кейбір екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары тасқын кезінде зардап шеккендерге 3 ай мерзімге несие шегерімін берді.

Серіктес жаңалықтары