$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қызылорда-Жезқазған» автожолының құрылысы қашан аяқталады

Жобаның жүзеге асыру үшін 420 бірлік техника және 748 маман жұмылдырылды

«Қызылорда-Жезқазған» автожолының құрылысы қашан аяқталады
Фото: ҚазАвтоЖол

Қызылорда облысында республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының 12-216 шақырымының 5 учаскесінде қарқынды түрде  құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта жер төсемін және жол жабынының қабаттарын төсеу жұмыстары екпінді түрде жалғасуда. Құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр. Жобаның жүзеге асыру үшін 420 бірлік техника және 748 маман жұмылдырылды, оның ішінде 695-і жергілікті халық.

«Қайта жаңару жұмыстары жүріп жатқан учаскелердің жалпы ұзыңдығы 192 шақырымды құрайды, оның 80 шақырымына 2023 жылы асфальтбетон жабыны төселді. Биыл асфальтбетон қоспасын төсеу жұмыстары жанданып, құрылыс маусымы басталғалы 7 шақырымнан аса жол жабыны төселді. 90 %-ға жуық темірбетон материалдары сатып алынып, 75 %-дан аса жұмыстар аяқталып (мал айдайтын, құбырлар және басқалар)», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары