Тоқаев Түрікменстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Azattyq Rýhy

Президент қазақ-түрікмен қатынастарының қазіргі жай-күйіне оң баға берді

Тоқаев Түрікменстанның Сыртқы істер министрін қабылдады
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады.

Мемлекет басшысы түрікмен дипломатына ілтипат білдіре отырып, достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқан қазақ-түрікмен қатынастарының қазіргі жай-күйіне оң баға берді.

«Біз Түрікменстанды сенімді стратегиялық серіктес және тарихи тұрғыдан туыс мемлекет ретінде қарастырамыз. Шын мәнінде, соңғы жылдары елдеріміз арасындағы ынтымақтастық қарыштап дамып, соның ішінде экономиканың стратегиялық салалары тың қарқын алды», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев орайлы сәтті пайдалана отырып, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы, Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке ізгі тілегін жолдады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.