Жаңбыр, қар салдарынан елордада үсік жүреді
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМҚ деректері бойынша Астана қаласында 28 мамырда түнде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады. Күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі», - делінген хабарламада.