Алматы облысы индустриялық аймақтарды дамытудағы Сингапур тәжірибесін зерделеуде
Аумақтарды дамыту картасы ұсынылды
21 мамырда Алматы облысының әкімі М.Сұлтанғазиев және «Алатау» АЭА директоры Ж.Саурбектің JTC компаниясының (Сингапур) басшылығы — Нельсон Лю мырзамен кездесуі өтті. JTC Сингапурдағы бас жоспарлардың, архитектуралық шешімдердің және келесі ұрпақ урбанизациясының жетекші әзірлеушісі болып табылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Кездесу барысында Лю мырза индустриялық, еркін экономикалық аймақтар мен арнайы стартап-инкубаторлар жұмысының тәжірибесімен және ерекшеліктерімен бөлісті. Тараптар жер ресурстарын басқару тәртібі мен тетіктерін, тіркеу тәртібін және тұрғындарға қызмет көрсетуді талқылады.
Алматы облысының басшылығына Джуронгтағы «Seletar» аэроғарыш саябағы, және «Tuas» биомедициналық саябағындағы жаңа аумақтарды дамыту картасы ұсынылды.
Кездесу нәтижесінде тәжірибе алмасу және қазақстандық мамандарды оқыту туралы келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ Лю мырза Қазақстанда өтетін бизнес-форумға шақырылды.
Бұл кездесу, Алматы облысының өңірді дамыту үшін озық халықаралық тәжірибені тартуға ұмтылысының жарқын мысалы болып табылады. Тиімді индустриялық аймақтарымен және жоғары технологиялық шешімдерімен танымал Сингапур тәжірибесі, инвесторлар үшін аймақтың тартымдылығын арттыру және экономикалық өсуді жеделдетуде құнды құрал бола алады.