Жағдай бақылауда
Атырау облысы Жалғансай ауылының маңында Жайық өзенінің жайылмаларында су деңгейі көтерілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Су жол төсеміне жақындады. Қазіргі уақытта қорғаныс бөгетін нығайту және жер үйіндісін салу жұмыстары жүргізілуде.
Құтқарушылар сирена-сөйлеу құрылғыларын пайдалана отырып, жергілікті тұрғындарды хабардар етуде.
Жағдай бақылауда.