$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында тасқын су автожолды басып қалды

Жедел штаб жағдай тұрақты, елді мекендерге қауіп жоқ екенін хабарлады

Атырау облысында тасқын су автожолды басып қалды
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

«Атырау – Орал» республикалық маңызы бар тас жолының 71-шақырымында жол үстімен тасқын суды өткізу жүріп жатыр. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл шешім өр суының көп келуіне әрі  су қарқынының жоғарылығына байланысты, Махамбет ауданына қарасты Жайық бойында орналасқан елдімекендерді тасқын қауіпінен сақтау мақсатында қабылданып отыр», - делінген хабарламада.

Махамбет және Сарытоғай ауылы тұсына жиналған жайылымдағы өр суы жолдың екінші беті, яғни батыс жақ бетіне жіберілді.

Жайық өзені жағалауынан Атырау-Орал тас жолының ара қашықтығы шамамен 6-7 шақырымды құрайды.

Жағдай тұрақты, ауылдық елді мекендерге қауіп жоқ.

Орал, Индер, Махамбеттен Атырау бағытында автокөлік жүргізушілері Индер - Атырау трассасы арқылы қатынай алады.

Серіктес жаңалықтары