21 сәуір сағат 22:35-гі жағдай
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 18 адамға артып, барлығы 1995-ті құрады деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Жаңа деректер Павлодар облысында (1), Жамбыл облысында (5), Нұр-Сұлтан қаласында (1), Ақмола облысында (1), Атырау облысында (2), Алматы қаласында (6), Алматы облысында (2) тіркелген.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 393 адам, Алматы қаласында – 678 адам, Қарағанды облысында - 101 адам, Ақмола облысында - 83 адам, Атырау облысында - 82 адам, Жамбыл облысында - 70 адам, Шымкент қаласында - 103 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 11 адам, Алматы облысында - 55 адам, Ақтөбе облысында - 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 34 адам, Маңғыстау облысында - 14 адам, Қызылорда облысында - 151 адам, Батыс Қазақстан облысында - 70 адам, Түркістан облысында - 66 адам, Қостанай облысында - 27 адам, жалпы 1995 науқас тіркелді », - делінген шұғыл штаб таратқан хабарламада.