Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1977 адамға жетті
21 сәуір сағат 20:05-гі жағдай
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 10 адамға артып, барлығы 1977 -ні құрады деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Жаңа деректер Нұр-Сұлтан қаласында (2), Алматы қаласында (3), Батыс Қазақстан облысында (2), Маңғыстау облысында (1), Қостанай облысында (2) тіркелген.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 392 адам, Алматы қаласында – 672 адам, Қарағанды облысында - 101 адам, Ақмола облысында - 82 адам, Атырау облысында - 80 адам, Жамбыл облысында - 65 адам, Шымкент қаласында - 103 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 11 адам, Алматы облысында - 53 адам, Ақтөбе облысында - 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 33 адам, Маңғыстау облысында - 14 адам, Қызылорда облысында - 151 адам, Батыс Қазақстан облысында - 70 адам, Түркістан облысында - 66 адам, Қостанай облысында - 27 адам, жалпы 1977 науқас тіркелді», - делінген шұғыл штаб таратқан хабарламада.