$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.04.2020, 23:05
Жаңалықтар

Жамбыл облысында 13 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

Қазақстан бойынша жазылғандар саны 489-ға жетті

Жамбыл облысында 13 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

Жамбыл облысында 13 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, олардың барлығы еліміздің әр аймақтарынан келген пациенттер, деп хабарлайды Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Төрт сауыққан адам Шымкент қаласының тұрғыны.

1996 ж.т. және 1999 ж. т. екі студент Дели-Тараз рейсімен елге оралып, коронавируспен ауырған алты жолаушының ішінде болған.

Тағы екі сауыққан адам 1975 ж.т. және 1980 ж. т. Қырғызстаннан үлкен жүк көліктерін жүргізіп келгендер.

Сондай-ақ, Түркістан облысының 1986 жылы туған және Нұр-Сұлтан қаласының 1994 жылы туған тұрғындарынікі де осыған ұқсас жағдай. Олар көрші республикадан үлкен жүк көлігімен келген кезде шекарада талдау алынып, COVID-19 бар екендігі расталған.

1999 ж.т. бір студент Қордай ауданына келген, ол Қостанай қаласының тұрғыны.

Сауыққандардың қатарында Дели-Тараз рейсімен ұшып келген тағы бір студент, Солтүстік Қазақстан облысының 2000 ж. т. тұрғыны және Нұрсұлтан қаласының 1984 ж. т. тұрғыны бар.

Қалған төрт адам 28-ден 45 жасқа дейінгі Қордай ауданының тұрғындары. Олардың арасында екі үлкен жүк көлігінің жүргізушісі, ауыр операциядан кейін емделуші және КВИ жұқтырған адаммен жақын байланыста болған адамдар бар.

Жалпы Қазақстан бойынша жазылғандар саны 489-ға жетті.

Олардың ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 205, Алматы қаласында – 88, Шымкент қаласында – 16, Ақмола облысында – 19, Ақтөбе облысында – 10, Алматы облысында – 9, Атырау облысында – 23 Шығыс Қазақстан облысында –3, Жамбыл облысы нда – 24, Батыс Қазақстан облысында – 2, Қарағанды облысында – 17, Қызылорда облысында – 26, Маңғыстау облысында – 2, Павлодар облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында, – 25, Түркістан облысында – 18, Қостанай облысы – 1 адам.

Серіктес жаңалықтары