Еліміздің барлық облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Кей өңірде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал
Бүгін еліміздің барлық облысында ауа райы тұрақсызданып, кей аймақтарда жаңбыр жауып, жел соғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Жетісу облысы
Түнде Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 19 мамырда түнде және таңертең найзағай күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
Таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 19 мамырда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Абай облысы
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі, Ұржар ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 19 мамырда оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысы
Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың орталығында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысы
Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысы
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі.Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 19 мамырда түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Алматы облысы
Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудындарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с, кей уақытта екпіні 23-28 м/с. Алматы қ.: 19 мамырда кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ.: 19 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысы
Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 19 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысы
Таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, дауыл, облыстың таулы аудандарында бұршақ. Облыстың шөлді аудандарында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Шымкент қаласы
Таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. Туркестан қ.: 19 мамырда таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.
Павлодар облысы
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. г. Павлодар: 19 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астана
Астана қаласында найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысы
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Ақмола облысы
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 19 мамырда күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысы
19 мамырда күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қ.: 19 мамырда күндіз найзағай күтіледі.
Жамбыл облысы
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 19 мамырда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, орталығындакей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Петропавлда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.