15.05.2024, 21:19
Жаңалықтар
Қонаев қаласында граната жарылып, екі полиция қызметкері зардап шекті
Олардың біреуі қалалық ауруханаға жатқызылды
Фото: istockphoto.com
Қонаев қаласында оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, екі полиция қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқу-жаттығу барысында қызметкерлердің бірі граната лақтырып, соның салдарынан екі полиция қызметкерінің жараланғаны туралы ақпарат әуелі әлеуметтік желіде тарады. Кейін Алматы облысының Полиция департаменті аталған деректі растап, мәлімдеме жасады.
«Оқу полигонында жаттығу сабақтары кезінде жарық-шу гранатасы пайдаланылып, облыстық департаменттің екі қызметкері дене жарақатын алғанын хабарлаймыз. Нәтижесінде олардың біреуі қалалық ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады Алматы облысының Полиция департаментінен.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
