Су тасқыны кезінде Ақтөбе облысындағы 170 шағын және орта бизнес субъектісіне шығын келген

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың 3 млрд теңгеден астам шығынға ұшырағаны анықталды

Фото: istockphoto.com

Су тасқыны кезінде Ақтөбе облысындағы 170 шағын және орта бизнес субъектісіне шығын келген. Алдын ала есеп бойынша шығын көлемі – 3 млрд теңге. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазіргі таңда облыста су тасқынынан 170 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 3 млрд теңгеден астам шығынға ұшырағаны белгілі болды, оның ішінде ауыл шаруашылық саласына жататын субъектілерді қоспағанда, бизнестің басқа салаларында 79 субъекті анықталуда.

«Комиссия Ақтөбе қаласы бойынша 49 шағын және орта бизнес нысанын қарап шықты. Аралап, тексеруден соң алдын ала шығын көлемі 1 млрд теңгеден астам қаржыны құрайтыны белгілі болды. Оның ішінде Алматы ауданы бойынша 43 бизнес субъектісі, Астана ауданында 6 субъект бар екені анықталды. Бұл сандар әлі де өзгереді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласына жататын субъектілер үшін жаңа заңнамалық қағидалар бекітіліп жатыр Шығындарды өтеу бойынша шешімді облыс әкімінің тапсырмасымен құрылған Аймақтық комиссия шығарады. Су тасқыны кезінде бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлер биыл 30 қарашасына дейін шығынды өтеп алу туралы өтініш бере алады», - делінген ақпаратта.