$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда адамдарды Жапония мен Кореяға виза алып беремін деп алдап кеткен блогер ұсталды

«Қызмет» үшін алдын ала төлем сомасы 100-ден 500 мың теңгеге дейін болды

Алматыда адамдарды Жапония мен Кореяға виза алып беремін деп алдап кеткен блогер ұсталды
Фото: polisia.kz

Алматыда Жапония мен Кореяға виза алып беруге уәде берген блогер ұсталды.  Оған бірқатар алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы полициясының мәліметінше, әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы өз блогында Жапония мен Кореяда ақша табудың жолдары туралы айтып, қажетті құжаттарды рәсімдеп беруге уәде берген. Ол өз қызметі үшін адамдардан 500 мыңға дейін ақы алған.

«22 жастағы күдікті ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде оның үстінен 15 адам полицияға арыз түсірген. «Қызмет» үшін алдын ала төлем сомасы 100-ден 500 мың теңгеге дейін болды. Алданған адамдар бұдан да көп болуы мүмкін. Күдіктінің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлеріне хабарласуларын сұраймыз: 8-707-142-01-11 және 8-702-777-11-40”», - деді Медеу аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Мулинов.

Айта кетейік, ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Серіктес жаңалықтары