$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Израиль осы уақытқа дейін 40-45 мың палестиналықты аяусыз өлтірді – Ердоған

Ердоған Нетаньяху туралы айтты

Израиль осы уақытқа дейін 40-45 мың палестиналықты аяусыз өлтірді – Ердоған
Фото: TRT

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Газа секторындағы жағдайға байланысты Израильмен сауда қарым-қатынасы толығымен тоқтатылғанын мәлім етті. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі TRT сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ердоған Түркияның Израильге экспорты толығымен тоқтағаны туралы айта келе Израильдің палестиналықтарға қарсы қырғыны жайлы айтты.

«Израиль осы уақытқа дейін 40-45 мың палестиналықты аяусыз өлтірді. Мұсылман болғандықтан, бұл жағдайға қол қусырып қарап отыра алмаймыз. Осы жайлы қажетті қадамдар жасап жатырмыз», - деді Ердоған.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың палестиналықтарға қарсы қырғындарына наразылық білдірген Ердоған «Нетеньяху қатыгез, ол балаларға, әйелдер мен қарттарға қатыгездік көрсетті» деді.

Серіктес жаңалықтары