Түркістан облысында шала туған сәбидің денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 7 мамыр күні болды

istockphoto.com

Түркістан облысында белгісіз адам шала туған нәрестені облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, белгісіз адам ай-күні жетілмей туған сәбиді №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. 20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапшада болған. 

«Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:00 шамасында болды. Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Оқиға болған жер тексеріліп, сот-медициналық сараптамаға тағайындалды», - делінген ақпаратта.