Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған batyrlargatagzym.kz порталы іске қосылды
Бүгінгі күні порталдың функционалы кеңейтіліп, деректер толыққанды жүйеленді
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен batyrlargatagzym.kz порталы іске қосылды. Сайт Ұлы Отан соғысына (1941-1945 жж.) қатысқан қазақстандық ардагерлер туралы мәліметтермен толтырылған ашық қолжетімділіктің бірегей ақпараттық ресурсын ұсынады. Бұлтуралы Azattyq Ruhy министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл портал – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, оның ішінде Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, еріктілер мен азаматтық қоғамның бірлескен жұмысының нәтижесі.
Түрлі ақпарат көздерінен ақпарат жинаған сайт қазақстандықтардың майдандағы ерлігінің мәңгілік ескерткіші болып саналады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі пилоттық жобаны 2023 жылы іске қосты және ол бірден азаматтық қоғам мен еріктілердің үлкен қызығушылығына ие болды. Бүгінгі күні порталдың функционалы кеңейтіліп, деректер толыққанды жүйеленді. Портал бір жылдың ішінде, яғни Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай барлық қазақстандық ардагерлер туралы деректерді біріктіретін ақпараттық интерактивті жүйеге дейін жетілдіріледі.
Жобаны жүзеге асыруға үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілер қатысты.
Әрбір қазақстандық Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы қосымша ақпарат беру арқылы бұл жобаға өз үлесін қоса алады. Кез келген адам жеке отбасылық мұрағаттарда сақталған құжаттарды жобаға көшіруге беру арқылы сайтты толықтыруға көмектесу мүмкіндігіне ие болады. Бұл фотосуреттер, құжаттар, майданнан келген хаттар және басқа материалдар болуы мүмкін.
Мемлекет басшысы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» ұлттық құрылтайының III отырысында атап өткендей, мемлекет соғыс жылдарында теңдесі жоқ жауынгерлік және еңбек ерліктер жасаған отандастарымызды ел жадында сақтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Портал жұмысының маңызды бөлігі аталарымыздың майдан даласында көрсеткен ерліктерін насихаттау және тарихи әділеттілікті қалпына келтіру болып саналады. Жобаның басты мақсаты – әр батырдың тарихта лайықты танылуын қамтамасыз ету.