09.05.2024, 13:04
Жаңалықтар
Алматыда Жеңіс күні мерекесі қалай атап өтіліп жатыр? (Фото)
Әртістер соғыстан кейінгі жылдардағы майдан әндері мен әуендерін орындады
9 мамырда сағат 09:30-да Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығын мерекелеу аясында 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта Даңқ мемориалына гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҰОС ардагерлері осы салтанатты рәсімге қатысып, қан майданда бастан кешкен оқиғалары туралы айтты.
Сағат 10:00-де саябақ алаңында Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтті. Қазақстандық әртістер соғыстан кейінгі жылдардағы майдан әндері мен әуендерін орындап, ардагерлерге амандық тіледі.

Сонымен қатар, қала бойынша ескерткіштер мен мемориалдарға гүл шоқтары қойылды. Құрметті қонақтар қатарында ардагерлер, тыл еңбеккерлері, қоғам қайраткерлері мен әскери қызметшілер бар.








Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады