$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Беларусь, Польша Германия қалаларын азат еткен: ардагер соғысқа 1944 жылы аттанған

«AMANAT-тың» партияластары майдангер Владимир Дровосековты құттықтады

Беларусь, Польша Германия қалаларын азат еткен: ардагер соғысқа 1944 жылы аттанған
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

«AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев соғыс ардагері Владимир Дровосековты Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Соғыстың басында ардагер әскери зауытта токарь болып жұмыс істеді. 1944 жылы Кеңес Армиясының қатарына шақырылды. Ол 3-ші Беларусь майданының құрамында соғысып, Беларусь, Польша және Германия қалаларын фашистерден азат етуге қатысты. Оның ерлігі назардан тыс қалған жоқ. Ол «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен және көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталды.

Соғыстан оралғаннан кейін ол жастарға тәлімгер болды, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, вагон жөндеу зауытының механигі болып зейнетке шықты. Жұбайымен бірге балаларына — үш ұлы мен қызына лайықты білім берді.

Партия хатшысы Владимир Ивановичке зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.

Серіктес жаңалықтары