$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ерлан Қошанов: Бүгінгі бейбіт өміріміз – ел қорғаған майдангер ардагерлеріміздің арқасы

Құттықтауды Мәжілістің баспасөз қызметі жариялады

Ерлан Қошанов: Бүгінгі бейбіт өміріміз – ел қорғаған майдангер ардагерлеріміздің арқасы
Фото: Әсет Құндақбаев / Azattyq Ruhy

Мәжіліс төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Құрметті отандастар! Ардақты ардагерлер!

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – жанқияр ерлік пен қайсар елдіктің рухы алаулап, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі бейбіт өміріміз – сонау сұрапыл соғыста Отан үшін от кешіп, ел қорғаған майдангер ардагерлеріміздің арқасы.

Аталған мереке еліміздегі әрбір отбасыүшін ерекше. Өйткені соғыс бірде-бір шаңырақты айналып өткен жоқ.

Сондықтан соғыс және тыл ардагерлерін ардақтау, олардың ерлігі мен өнегесін өскелең ұрпаққа дәріптеу – ортақ парызымыз. Осы бағытта мемлекет тарапынан игілікті істер атқарылып жатыр.

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне арналған «Айбын» орденінің түрлі дәрежесіне әйгілі батырлар – Сағадат Нұрмағамбетовтың, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді.

Бұл – ерлігі елге ұран болған ерлерімізге көрсетілген құрметтің айшықты көрінісі. Отан үшін отқа түскен барлық батырымыздың есімі ғасырдан-ғасырға жаңғыра береді.

Тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, еліміз өркендей берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, ардагерлерімізге қажымас қайрат, елімізге бақ-береке, ашық аспан тілеймін!» – деді Ерлан Қошанов.

Серіктес жаңалықтары