Атырауда Калашников автоматын асынған сарбаз әскери бөлімнен қашып кетті
Сарбаздың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Атырауда сарбаз қаруын алып, әскери бөлімнен қашып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, сарбазды тоқтатпақ болған, бірақ оқ жаудырған. Осыдан кейін әскери бөлім қызметкерлері мен полицейлер «Арлан» арнайы жасақтары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетін көмекке шақыруға мәжбүр болды.
Осы жылдың 18 сәуірінде Ақмола облысынан шақырылған сарбаз өзімен бірге АК-74 автоматы мен 120 дана оқ-дәрі алып кеткені белгілі болды. Ол 7 мамырдан 8-іне қараған түні 41433 әскериқашып кеткен.
Қазіргі уақытта сарбаз қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды.
«2024 жылғы 8 мамырда Атырау гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің бекітілген қаруымен қысқа мерзімге өз бетінше шығып кету фактісі тіркелді», - деп хабарлады Атырау гарнизонының баспасөз қызметі.