Қазір елімізде 20 млн 95 мың 963 адам өмір сүреді
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санын, демографиялық көрсеткішін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бюро мәліметінше, қазір елімізде 20 млн 95 мың 963 адам өмір сүреді. Олардың ішінде әйелдер саны – 10 млн 280 мың 498. Ал ерлер саны – 9 млн 815 мың 465.
Қала халқының үлесі – 12 млн 513 мың 14, ал ауыл тұрғындарының саны – 7 млн 582 мың 949.
Белгілі болғандай, 2024 жылы қаңтар-наурыз айларында 91 мың 851 шақалақ өмірге келген. Дәл осы аралықта 33 мың 416 адам өмірден өткен.
2024 жылдың алғашқы үш айында 7 471 адам Қазақстанға қоныс аударса, 3 785 адам елден көшіп кеткен.