Жайық өзенінде су қауіпті деңгейден бір метрдей асып кетті

Azattyq Rýhy

Құлсарыда ондаған үй су астында қалды

Жайық өзенінде су қауіпті деңгейден бір метрдей асып кетті
Фото: видео скрин

Жылыой ауданының Құлсары қаласында еріген қар суын сору жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда сорылған судың жалпы көлемі 4,3 млн текше метрден асады. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

7 мамырдағы жағдай бойынша 2900 үйден су толығымен сорылды, Болашақ шағын ауданындағы 20 үй су астында қалып отыр, оның ішінде 10 үй қоныстандырылмаған. Су сору жұмыстары жалғасып жатыр.

«Тағы 30 тұрғын үй электр қуатына қосылған, Атырау шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйлерге ток беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия жұмысын жалғастыруда», - деді спикер.

Жайық өзеніндегі жағдайға тоқтала келе, аймақ өкілі Индербор ауылында су деңгейі сыни көрсеткіштен 87 см асқанын атап өтті. Қазіргі су деңгейі – 927 см. Махамбет кентінде – 880 см, сыни деңгейден 30 см, Атырау қаласында – 507 см, сыни деңгейде – 550 см.

«Бір ай ішінде жергілікті атқарушы орган Үкіметпен бірлесіп ұзындығы 522 км, орташа биіктігі 2-4,5 м дейін жағалауды нығайтатын бөгеттер салу бойынша жұмыстар жүргізді. Жағдай тұрақты», - деді спикер.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.