Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтілуде
Қазақстанның көптеген өңірлерінде аптаның басында тұрақсыз ауа райы байқалатын болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Бұған циклон және онымен байланысты фронтальды бөліктер ықпал етеді. Найзағаймен және екпінді желмен жаңбыр жауады, сондай-ақ ауа температурасы күндіз +15…+23-тен +8…+16 жылылыққа дейін төмендеуі күтіледі.
Республиканың тек оңтүстік және оңтүстік-шығысына жылы оңтүстік ауа келуін жалғастырып, мұнда күн шуақты, құрғақ және өте жылы болады.