$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.04.2020, 01:21
Жаңалықтар

Антирекорд: WTI маркалы мұнай бағасы нөлге түсті

Мұнай бағасы бір күнде 300%-ға жуық құлдырады

 

Антирекорд: WTI маркалы мұнай бағасы нөлге түсті

Осы сәтте мамырдағы фьючерстік келісімшарттар үшін WTI маркалы мұнай бағасы минусқа кетіп, бір баррелі -35 доллар шамасында сатылып жатыр. Бұл — сатушылар мұнайдың әр баррелі үшін сатып алушыға 35 доллар қосып төлейді деген сөз. 

Finance.kz телеграм-каналының хабарлауынша, бұл АҚШ үшін абсолютті антирекорд: бір күн ішінде мұнай бағасы 300%-ға жуық құлдыраған. Сонымен қатар, ақпараттық канал «ертең теңге бағамы күрт бәсеңдейді деп дүрлігудің қажеті жоқ», деп ескертеді.

«Бақылап отырғанымыз — бұл WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстеріне бағаның құлдырауы,   себебі бүгін осы фьючерс сауда-саттығының соңғы күні. Теңге бағамын анықтауға мұнайдың бұл сорты және бұл фьючерс әсер етпейді. Біз үшін маңызды деректер — Brent маркалы баррель бағасы, өкінішке орай, ол да құлдырауда және қазір баррелі $26,48 сатылуда, бұл 20 cәуірдегі таңертеңгі бағаға қарағанда 5%-ға арзан, бірақ аса қауіп төндіретін көрсеткіш емес. Ал WTI маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстеріне  бір баррельдің бағасы $22,11, бұл да апаттан алыс. Сондықтан сабыр сақтап, ақылға жүгінейік!», - делінген қаржылық канал таратқан ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Мұнай бағасы