Қытайдың тарихи қаласынан Алматыға туристік жолаушылар пойызы жіберіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Сиань – Қытайдың ең көрнекті тарихи және мәдени орталықтарының бірі

Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

Қытай Халық Республикасындағы қазақстандық туризм жылы аясында «Сиань - Алматы» бір реттік туристік жолаушылар пойызын іске қосу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік министрлігінде өткен жиында мүдделі тараптардың өкілдерімен бірлесіп техникалық және технологиялық мүмкіндіктерге, сондай-ақ туристік пойыздың жүруіне қатысты мәселелер әңгіме арқауына айналды.