04.05.2024, 08:52
Жаңалықтар
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы заңгерінің өліміне қатысты іс қайта қаралатын болды
Бұған дейін шығарылған сот үкімі күшін жойды
Фото: Facebook/Ирина Эм
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының заңгері Ирина Эмді өлтіру күдігімен сотталғандарға қатысты алдында шыққан сот үкімінің күші жойылып, қылмыстық іс қайтадан қарауға жіберілді. Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қарағанды облыстық сотымен Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 16 ақпандағы Ж., Р.-ға қатысты үкімінің күші жойылды және қылмыстық іс өзге құрамдағы алдын ала тыңдау сатысынан бастап сол сотқа жаңа қарауға жіберілді», - делінген хабарламада.
Бірінші сатыдағы сотта іс алқабилердің қатысуымен қаралды, олардың үкімімен мынандай айыптау үкімі шығарылды:
- Ж. 99-бабының 2-бөлігі 7) тармақшасы, 202-бабының 2-бөлігі 1), 5) тармақшалары, 58-бабының 4 бөлігі бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
- . ҚК-нің 99-бабының 2-тармағының 7) тармақшасы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 17 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды