Ал республика бойынша қарыз алудан елорда көш бастап тұр
«7-20-25» бағдарламасы аясында 73 811 қарыз берілді. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банк мәліметінше, 2 мамырдағы жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 1 трлн теңгеден астам сомаға 73 811 қарыз берілді.
Ал республика бойынша қарыз алудан елорда көш бастап тұр. Астанада 423,3 млрд теңгеге 26 759 өтінім қабылданған. Екінші орында – Алматы қаласы. Мегаполисте 234,6 млрд теңгеге 15 017, ал Шымкентте 68,1 млрд теңгеге 5 455 қарыз берілген.