03.05.2024, 23:41
Жаңалықтар
Алматы облысында полиция формасын заңсыз киген ер адам жазаланды
Қаулы заңды күшіне енген жоқ
Фото: polisia.kz
Алматы облысы Талғар аудандық соты полиция формасын заңсыз киген ер адамға 18 460 теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облысы Талғар аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 675-бабының 1-бөлігінде көзделген арнайы полиция қызметкерінің формасын заңсыз киіп жүру фактісі бойынша И. есімді азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.
«Құқық бұзушының кінәсі оның мойындауымен, сондай-ақ сот отырысы барысында зерттелген іс материалдарымен дәлелденді. Сот қаулысымен құқық бұзушы И. кодекстің 675-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 АЕК (18 460 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Форма тәркіленеді», - деп хабарлады соттан.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
06.08.2026, 16:55
Астанада сәйгүлігіне мініп, қаланың ортасында серуендеп жүрген ер адам күтпеген жағдайға тап болды (ВИДЕО)
07.08.2026, 08:29
Тойдан кейінгі жанжал: Көкшетауда жас жұбайлар уақытша ұстау изоляторынан бір-ақ шықты
07.08.2026, 12:12
Қызғаныш қасіретке ұласты: Семей тұрғыны экс-жұбайын сойылмен ұрып өлтіргені үшін 12 жылға сотталды
06.08.2026, 13:17
Қазақстанда алғаш рет жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі әуеге көтерілді