$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.04.2020, 00:10
Жаңалықтар

Авиациялық нарықтың 70% Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларына тиесілі

Өткен жылы Қазақстан әуежайлары 17,7 млн жолаушыға қызмет көрсеткен

Авиациялық нарықтың 70%  Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларына тиесілі

2019 жылы Қазақстан әуежайлары шамамен 17,7 млн. жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды.  

Авиациялық нарықтың шамамен 70%  Алматы (7,2 млн жолаушы) және Нұр-Сұлтан (5,1 млн жолаушы) әуежайларына тиесілі.

«Қазақстанда қазіргі уақытта 20 әуежай жұмыс істейді, олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Семей, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Боралдайда орналасқан.

Олардың 15-і мемлекеттік әуежай, 8-і жеке меншікте, 1- концессияда. Жергілікті әуе желілерінің 3 әуеайлағы (Үржар, Үшарал, Зайсан) және өндірістік мақсаттағы 1 әуеайлақ (Теңізде) бар», - делінген ақпаратта.

17 әуежайда халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсаты бар. 17-сі ИКАО стандарттары бойынша санатталған, оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы әуежайлары III санат, Атырау әуежайы II санат, және басқа әуежайлар I санатта. Бұл оларға әуе кемелерін күрделі метеожағдайларда қабылдауға мүмкіндік береді.

Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, жалпы Тәуелсіздік жылдары 18 әуежайда ұшу-қону жолақтары қайта жаңартылып, 12 әуежайда-жолаушылар терминалдарын қайта жаңарту жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары