$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздің бірқатар аймағында күн суытады - синоптиктер

Синоптиктер 2 мамырға ауа райы болжамын жасады

Еліміздің бірқатар аймағында күн суытады - синоптиктер
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК 2 мамыр күні Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктер әсер етеді. Шығыста жаңбыр жауады. Қарағанды, Абай, Жетісу облыстарында түнгі уақытта жауын-шашын, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, найзағай, оңтүстік-шығыста-бұршақ, дауыл, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік-батыста тұман болуы ықтимал», - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова.

Бұдан бөлек, түнде Қарағанды облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында, солтүстігінде, шығысында Абай облысында 1-3 градус үсік жүруі күтіледі. Сондай-ақ Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атыраудың оңтүстік, шығысында, батысында, оңтүстігінде, Қызылорда қаласының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Серіктес жаңалықтары