$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы ассамблеясы мен бизнес өкілдері Петропавлға гуманитарлық көмек жіберді

Қайырымдылық акциясына мегаполистің 18 компаниясы қатысты

Алматы ассамблеясы мен бизнес өкілдері Петропавлға гуманитарлық көмек жіберді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Су тасқынынан зардап шеккен солтүстік өңірге Алматыдан барлығы 45 тонна гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматының этномәдени бірлестіктері мерекені тойлап қана қоймай, айтулы күні игі іске атсалысты. Алматы ҚХА гуманитарлық көмекті жинау жөніндегі штабының бастамасымен табиғи апаттан зардап шеккендерге 25 тонна гумкөмек жиналды. Игі іске республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктер қатысты. Қажетті жабдықтар салынған жүк көлігі Петропавл қаласына бет алды. Оған азық-түлік, балалар мен ересектерге арналған жылы киім, аяқ киім, төсек-орын, дәрі-дәрмектер, матрацтар мен жастықтар, құрылыс материалдары кірді.

Ал алматылық бизнес өкілдері Петропавлға 20 тонна гумантарлық көмек жіберді. Қайырымдылық акциясына мегаполистің 18 компаниясы қатысты. Жөнелтілген жүктің ішінде шатырлар, шамдар, жаңбырға арналған жамылғылар, арнайы киімдер мен аяқ киімдер, күректер, ауыз су және өзге де қажетті заттар бар.

Серіктес жаңалықтары