01.05.2024, 16:17
Жаңалықтар
Лондонда ер адам самурай қылышымен көшеде кетіп бара жатқан бозбаланы өлтірді
Алдын ала мәлімет бойынша, болған оқиға теракт емес
Фото: society.comments.ua
Лондонда ер адам самурай қылышымен көшеде кетіп бара жатқандарға шабуыл жасады. Салдарынан 14 жастағы жасөспірім қаза тауып, тағы төрт адам, оның ішінде екі полиция қызметкері жараланған. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың жарақаттары ауыр деңгейде, бірақ өмірлеріне қауіп төндірмейтіні хабарланды.
Қайғылы оқиға Ұлыбритания астанасының шығысында, Хейнот қалашығының маңында болды. Көлік тұрғын үйге соғылып, ішінде қолында самурай қылышы бар ер адам шығып, қоршап тұрғандарға шабуыл жасады.
Күдікті электрошокермен ұсталды. Ол – 36 жаста, қазір полиция оның психикалық ауытқуы бар-жоғын анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, болған оқиға теракт емес.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 10:13
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды