Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29 сәуір, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады. Найзағай мен жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.
Тек еліміздің оңтүстік-батысына, солтүстік-батысында, орталығына антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.
Республика бойынша желдің күшеюі, батысы мен солтүстігінде бұршақ, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде дауыл, шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.