Жайық өзенінде су деңгейі қайта көтеріліп барады
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіліп отыр

Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет белгілі болды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі AtyrauPress-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, өткен тәулікте 2024 жылғы 28 сәуір сағат 8-дегі жағдаймен Жайық өзенінде өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді.
Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 645 см, деңгейдің +19 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 422 см құрайды.
Махамбет кенті 743 см деңгейінде, тәулігіне + 8см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 426 см құрайды.
Атырау қаласы гидропостындағы су деңгейі 434см, тәулігіне + 3см деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 243 см құрайды.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
«28 сәуірде Иректі су қоймасынан ағызу 192 м3 / с құрайды», - делінген хабарламада.