Түркияда полиция қызметкері әріптестеріне оқ жаудырып, екі адам қаза тапты
Оқиғаға кінәлі адам ұсталды

Түркиядағы полиция бөлімінде атыс кезінде екі адам қаза тапты. Бұл туралы Halk TV мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атысты полицейлердің бірі ашқан, әуелі оқ атқан полицей мен оның әріптестері арасында жанжал болған. Жанжал кезінде ер адам қаруын алып, оқ жаудырды. Екі өлімнен басқа тағы сегіз адам жарақат алды.
Кейін Түркияның ІІМ басшысы Али Ерикая Х әлеуметтік желісінде әріптестеріне оқ жаудырған полиция қызметкерінің ұсталғанын хабарлады.
«Бүгін сағат 20:15 шамасында полиция қызметкері бөлімше бастығы мен қоғамдық қауіпсіздік басқармасы топтарының инспекторын жеке қаруынан жаралады. Оқиғаға кінәлі адам ұсталды», - делінген хабарламада.
Оқ жарақатын алған екі полиция қызметкері де ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оларды аман алып қала алмады.