$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абайсызда кісі өлтіріп алған: Маңғыстау облысында прокуратура қызметкері 1,5 жылға сотталды

Қазіргі таңда іс апелляциялық сот алқасында қаралуда

Абайсызда кісі өлтіріп алған: Маңғыстау облысында прокуратура қызметкері 1,5 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы прокурорының бұрынғы орынбасары абайсызда кісі өлтіріп алғаны үшін 1,5 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотта 2023 жылдың желтоқсан айында Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы прокурорының бұрынғы орынбасары Т. Ақтау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, жәбірленуші М-мен жанжалдасып, ақырында оны ауыр соққыға жыққаны анықталды. Салдарынан жәбірленуші жерге құлап, есін жимастан алған жарақаттардан қайтыс болған.

«Сотталушының кінәсі жәбірленуші өкілі мен куәгерлердің жауаптарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және істің басқа материалдарымен дәлелденді. Жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы бастапқы айыпты өзгертіп, Т-ны ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тануды сұрады. Іс өзгертілген айып бойынша қаралды», - делінген хабарламада.

Сот жаза тағайындау кезінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының өз кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін, асырауында үш жас баласының болуын, оның біреуінің үшінші топтағы мүгедек екенін ескерген. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

«Сотталушы Т. өзгертілген айып бойынша ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігімен (абайсызда қазаға ұшыратқаны үшін) кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Қазіргі таңда іс апелляциялық сот алқасында қаралуда», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары