$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында 2 млн текше метрден астам су сорылды

 Өңірде су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Атырау облысында 2 млн текше метрден астам су сорылды
Фото: Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Атырау облысының Жылыой ауданында қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев баяндады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 2 млн текше метрден астам су сорылды, 1821 жеке тұрғын үйден су бұрылды. 

«Соңғы тәулікте Жылыой ауданының Құлсары қаласында 155 тұрғын үйде, 2 кәсіпкерлік объектісінде электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Бұл жұмыстарға 4 бригада мен 6 техника жұмылдырылды. Оған қоса, 329 үйде газбен жабдықтау қалпына келтірілді. Залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 2613 өтініш қабылдады, 3,5 мыңнан астам адам біржолғы материалдық көмек алды.», - деді Р. Жұмағазиев.

Серіктес жаңалықтары