$ 514.93  536.04  5.18
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде өтетін «болашақтың ойындары» 2026 жылға ауыстырылады

Бұл Президенттің имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеуді және кейінге шегеруді тапсыруымен байланысты

Елімізде өтетін «болашақтың ойындары» 2026 жылға ауыстырылады
Фото: Leon Neal / Getty Images

Биыл күзде ұйымдастырылатын 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу шығындарын оңтайландыру, «Болашақтың ойындары» халықаралық мультиспорт турнирін ұйымдастыру және өткізу бойынша дайындық жұмыстарын 2025 жылдан 2026 жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаржыны үнемдеу мақсатында елімізде өтетін имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеуді және кейінге шегеруді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы ақпанда Президент Татарстанның Қазан қаласында өткен «Болашақтың ойындары» бәсекесінің ашылу салтанатына қатысып, келесі жылғы мультиспорт турнирі Қазақстанда өтетінін мәлімдеген еді. Ойындар цифрлық және классикалық спортты біріктіретін 21 инновациялық фиджитал бағдарлама бойынша өтті. Қазақстанның ойыншылары мен командалары спорттың 13 түрі бойынша сайысқа түсті. Жалпы бұл турнирде еліміздің 48 өкілі бақ сынады.

Серіктес жаңалықтары