Шектеу көліктің барлық түріне енгізілді
Еліміздің екі облысында жолдарды су басу салдарынан көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Қостанай облысы
2024 жылғы 23 сәуірде сағат 18:15-те еріген қар суының салдарынан "Екатеринбург-Алматы" автомобиль жолының 686-729 шақырымының (Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы учаскесі) жүру бөлігін су алуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Солтүстік Қазақстан облысы
2024 жылғы 23 сәуірде сағат 18:15-те Қостанай облысынан еріген қар суының өтуіне байланысты "Екатеринбург-Алматы" автомобиль жолының 729-768 шақырымы аралығында (Қостанай облысының шекарасы - Тоқсан би ауылының учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.