$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздің басым бөлігі антициклон әсерінде болады: ауа райы болжамы жарияланды

Елдің оңтүстігінде – дауыл, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі

Еліміздің басым бөлігі антициклон әсерінде болады: ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек күндіз Қазақстанның оңтүстік-батысында және қиыр солтүстігінде аздаған жаңбыр болады, сондай-ақ республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр жауып, найзағай болады. Қазақстан бойынша жел күшейюі күтіледі», - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова.

Еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстігінде – дауыл, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Серіктес жаңалықтары